Қызылордада пышақпен шабуылдаған ер адам видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қызылордада адам өлтіруге оқталған күдікті жедел іздестіру шаралары нәтижесінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада адам өлтіруге оқталған күдікті жедел іздестіру шаралары нәтижесінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының "102" пультіне облыс орталығында орналасқан демалыс орындарының бірінде ер адам пышақпен әйелге шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына барған полицейлер қала тұрғындары арасында жанжал туындап, салдарынан облыс орталығының тұрғыны ауыр дене жарақатын алғанын анықтады. Жәбірленуші аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Шабуыл дерегі мекеме аумағында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жедел іздестіру шараларын жүргізген полицейлер күдіктіні дер кезінде ұстады. Ол Қызылорда қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігі ("Кісі өлтіруге оқталу, яғни басқа адамды заңсыз қасақана өлтіруге оқталу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп қосты полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro