2017 жылғы 26 шілдеде сағат 13:20-да Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының кезекшісіне Қызылорда қаласындағы Қаратоғай көшесінде кәріз сорғы станциясында газдардың бөлінуі орын алып, зардап шеккендер бар екендігі жөнінде хабар түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК сайтына сілтеме жасап.

"Құтқарушылар төтенше жағдай орнына жетіп, кәріз сорғы станциясының түбінде 5 адам газбен уланып қалғанын анықтады. Құтқарушылар қорғайтын костюм және тыныс аппараттарын киіп, төменгі қабатына түсіп барлық 5 жұмысшыны шығарды, оның ішінде екі адам қайтыс болып кеткен", - делінген хабарламада.
Барлық зардап шегушілерге жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, медициналық мекемеге жеткізді.
Алдын ала ақпарат бойынша, кәріз сорғы станциясында жеке қорғау құралдарынсыз 7 адам жөндеу жұмыстарын жасаған. Жұмыс барысында газ бөліну жағдайы орын алған, сол себепті жұмысшының бірі есінен танып кәріз станциясының түбіне құлаған. Қасында болған жұмысшылар оны құтқарамын деп, өздері улы газбен уланып естерінен танып құлаған.
Бұған дейін Шығыс Қазақстанда да осыған ұқсас жағдай орын алып, төрт адам қайтыс болған еді. Ауыл тұрғындары газға уланып, есінен танып су құдығына құлаған.