Қызылордада түзеу мекемесіне әкелінген донерден есірткі табылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада түзеу мекемесіне әкелінген донерден есірткі табылды Иллюстрациялық сурет

Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден есірткі табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі astanatv.kz телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден есірткі табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі astanatv.kz телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, Қызылордада донерден есірткі табылған. Ол ЗК-169/5 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушіге келген сәлемдеме ішінен шыққан.

Мекеме қызметкерлері сотталушыға келген заттарды тексеру барысында 3 донердің арасынан есірткі тапқан. Арнайы сот сараптамасы нәтижесінде тәркіленген зат "кептірілген марихуана" екені дәлелденген.

Әкелген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында сотталушының бұл іске қатысы анықталса, ол да құқықтық жауапкершілікке тартылатыны айтылды.

"31 грамм кептірілген марихуана екені анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни есірткі заттарын сату, сақтау, заңсыз тасымалдау бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК 169/5 мекеме бастығының орынбасары Дархан Берікбай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети