Қызылорда дәрігерлері зорлық құрбаны болған 9 жастағы қызға ота жасады. Қазір оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда зорлық құрбаны болған қыз әлі біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болуы тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел жәрдем қызметкерлері қызды 4 шілдеде шамамен сағат түнгі бірде жеткізді. Қыз шоқ алған, жағдайы орташа ауыр болды. Бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Жедел түрде ота жасалды. Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады. Қазір қызбен психологтар мен ювеналдық полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оны 10 шілдеде ауруханадан шығардық. Қызды туыстары алып кетті", - деді облыстық балалар ауруханасының дәрігер-хирургы Әлімжан Төлегенов.
Еске сала кетейік, 4 шілдеде "Ягодка" саяжайында белгісіз біреулер 3-сыныптың оқушысын зорлап, ал анасын өлтіріп кеткен болатын. Ал қыздың әкесі ол уақытта Астанада жұмыс істеп жүрген. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 120 және 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта зорлық құрбаны болған оқушы қыз әкесімен және әжесімен бірге. Онымен психологтар жұмыс істейді.