Қызылордадағы атыс: үш адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордадағы атыс: үш адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды Фото:polisia.kz

Қызылордада үш адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада үш адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

7 мамырда Қызылорда қаласында атыс болды. Осы дерекке байланысты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, алты күдікті ұсталып, қамауға алынды. Төрт күдіктіге қатысты іздеу жарияланған.

"Оқиға болған жерді және күдіктілердің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрі, есірткі және жеті автокөлік айғақ ретінде алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық қатысушының жеке басы анықталып, жәбірленуші тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар негізінде сегіз қылмыстық іс, яғни адам өлтіру бойынша - 2, бұзақылық бойынша - 2, қарудың заңсыз айналымы бойынша 3 іс және есірткінің заңсыз айналымы бойынша бір іс тіркелді", - деді Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты, толық және объектив түрде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қызылордада атыстан үш адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын. Қайғылы оқиға 7 мамырда кешке болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети