02 мамыр 2016 | 17:34

Қызылордалық полицейлер қан-жоса болған ер адам жайлы қауесет таратқандарды іздеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында қан-жоса болған ер адам жайлы қауесет таратқандар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында қан-жоса болған ер адам жайлы қауесет таратқандар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің өкілдерінің мәліметінше, 2016 жылдың 1 мамырында әлеуметтік желілерде және ұялы қосымшаларда Қызылорда қаласының полицейлері ұрып-соққан делінген қан-жоса болып жатқан ер адамның суреттері таралған.

"Бұл мәлімет жалған және арандатушылық мәнге ие. 1 мамырда Қызылордада адамдардың денсаулығына және өміріне зақым келтіретін оқиға болған жоқ. Бұл суреттің ajanshaberler.com сайтынан алынғаны анықталды, оқиға 2015 жылдың ақпанында Қытайда болған. Арандату дерегі бойынша Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті тергеуді бастады. Арандатушылар жауапқа тартылады", - деп хабарлады Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети