09 сәуір 2015 13:34

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулағандарды қолға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі ©Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері "Охотзоопром" ӨБ РМҚК мамандарымен бірлесіп жүргізген рейд шолу жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандарды қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі сілтеме жасап.


Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері "Охотзоопром" ӨБ РМҚК мамандарымен бірлесіп жүргізген рейд шолу жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандарды қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі сілтеме жасап.

"Осы жылдың 21 наурызында түнгі уақытта полиция қызметкерлері Сырдария ауданына қарасты Тасбұлақ елді мекенінде кетіп бара жатқан "УАЗ" маркалы және Toyota маркалы автокөліктерді тоқтатады. Автокөліктерді тексеру барысында "УАЗ" үлгісіндегі автокөліктің жүк салғышынан бірнеше дана киік аңының денесі мен 12 дана киік аңының мүйіздері табылды", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, автокөліктердің салонынан 2 аңшы мылтығы оқтарымен айғақ зат ретінде алынғаны белгілі болды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, осы дерек бойынша Қызылорда ОІІД Анықтау басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою) және 337-бабының 3-бөлігіне сәйкес (жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолданып, сол сияқты авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау және бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет) қылмыстық іс қоғалып, тиісті сараптама жұмыстары тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети