ПОДЕЛИТЬСЯ
23 маусым 2021 | 09:53
Қызын өлтіргені үшін сотталған Баракат Мохамед жазасын қайда өтеп жатыр?
Қызын өлтіргені үшін сотталған ұлыбританиялық ұшқыш Баракат Мохамед Алматы облысындағы ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы тілші сауалына ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті берген жауапта көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызын өлтіргені үшін сотталған ұлыбританиялық ұшқыш Баракат Мохамед Алматы облысындағы ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы тілші сауалына ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті берген жауапта көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Баракат Мохамед 19 мамырда Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/12 мекемесіне жеткізілген. Ол медициналық тексеруден өтті, ал келесі күні, 20 мамырда тізесінің буыны ауыратынын айтып, шағымданған. ҚАЖК мәліметі бойынша, науқасты бірден дәрегер қарап, ем тағайындаған және хирургпен кеңесуді ұсынған.
"Қазіргі уақытта тұтқын мекеменің оқшаулау бөлімшесінде (карантинде болу ұзақтығы 15 күн). Оның коммуналдық-тұрмыстық жағдайы талаптарға сәйкес келеді", - деді Қазақстан ІІМ ҚАЖК өкілі.
Тұтқыннан ұстау жағдайына қатысты шағымдар түскен жоқ. ҚАЖК мәліметі бойынша, Баракат Мохамед жағдайына байланысты шағымдана алады, ұсыныстар мен мәлімдеме жасап, сондай-ақ ана тілінде хат жаза алады. Бұл туралы қылмыстық-атқару кодексінің 10-бабы 1-бөлігінің 6-тармағында айтылған. Сондай-ақ, заңда көзделген жағдайларда аудармашы қызметін пайдалануға мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, 2019 жылдың қазанында Алматыдағы InterContinental қонақүйінде бала өлімі туралы хабарланған еді. Баланы өлтірді деген күдікпен Ұлыбританияның 41 жастағы азаматы Мохамед Баракат ұсталған болатын. Кейін ол кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Айыптау актісіне сәйкес, баланы өлтіруге ерлі-зайыпты арасындағы жанжал, ішімдік ішіп, есірткі қабылдау себеп болған. Құжаттарда Баракат адам өлтірген күні Алматыға ұшып келіп, отбасымен кездескені айтылған. Кейін ол кафеде ішімдік ішіп, таңғы сағат 7-де қонақүй бөлмесіне оралған. Ол ұшақты басқара алмайтынын түсініп, әйелінен көмек сұраған. Әйелі әуекомпанияға қоңырау шалып, күйеуі ауырып қалғанын айтады. Бұл күдіктінің ашуын тудырған. Ол әйелін жұдырығымен ұрған сәтте бала шудан оянып кеткен. Әкесі ашуын баладан алған. Кішкентай қыздың аман қалу мүмкіндігі болмады, оны сот-медициналық сараптама растады, делінген құжаттарда.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также