09 ақпан 2021 16:38

Қонақүйдегі бала өлімі: ұлыбританиялық сот үкіміне шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бір жарым жасар қызын өлтіргені үшін сотталған ұлыбританиялық Баракат Мохамед сот үкіміне шағымданбақ. Алматы қалалық сотына оның адвокаттарынан апелляциялық шағым түсті. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі Tengrinews.kz сауалына жауапта хабарлады.

"Қалалық сотқа Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Баракат Мохамедке қатысты үкіміне адвокаттардан апелляциялық шағым келіп түсті", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Ұлыбританиялыққа қатысты қылмыстық іс апелляциясы 2021 жылы 23 ақпанда қаралатыны атап өтілді. 

Еске салайық, 42 жастағы ұлыбританиялық Мохамед Баракат бір жарым жасар қызының өліміне кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Кейін судья Бақытжан Бәкірбаев үкімді түсіндірді.

Қонақүйдегі бала өлімі: куәгерлер оқиғаның мән-жайын айтып берді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети