28 қазан 2020 15:04

Қонақүйдегі бала өлімі: куәгерлер оқиғаның мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © The Sun Фото: © The Sun

Алматыда InterContinental қонақүйінде болған бала өліміне қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда InterContinental қонақүйінде болған бала өліміне қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отырыс барысында рецепционист пен күзетшіден жауап алынды. Сотталушы - Ұлыбританияның 41 жастағы азаматы Мохамед Баракат.

Бүгін, 28 қазанда сот отырысында рецепционист Маржан Ілиястан жауап алынды.

"2019 жылдың қаңтарынан жұмыс істеймін. Мен Баракат мырзаны жиі көрмейтінмін. Көбіне оның жұбайы Мадина Абдуллаева келетін. Ол күйеуінің туған күніне бір күн қалғанда немесе екі күн бұрын келді. Күйеуіне тосынсый жасағысы келетінін айтты. Есімде, қыз әрқашан күліп жүретін. Олардың көңіл-күйі көтеріңкі болды, әрі бақытты екені сезілді", - дейді ол сотта.

Кейін қонақүйдің күзетшісі Фарух Уразов жауап берді.

"24 қазанда жұмыс істедім. Кезекшілігімнің аяқталуына бір сағат қалғанда, яғни жетіде біз айғайды естідік. Әйел баласын қолынан алып шықты. Бала ес-түссіз еді. "Көмектесеңіздерші, оның мойнына бірдеңе болды" деді қыз. Кейін ол бізге жоғарыдағы нөмірге көтерілуімізді сұрады. "Ол өзіне бірдеңе істеуі мүмкін" деді қыз. Ішімдіктің иісі сезілмеді. Жуынатын бөлмеде жатты. Біздің қасымызда екі күзетші болды. Басқа постыдағы қызметкерлер де жанымызға келді.

Біз оның бөлмеде бір затты лақтырып жатқанын естідік, бірақ есікті ашқан жоқпыз. Есікке де бірдеңе лақтырды. Кейін әйнектің сынған дыбысын естідік. Біз бөлменің қасында болдық. Полиция келген кезде ол нөмірден таяқ алып шықты. Ол картинаның бөлігі еді. Осылайша, ол бізге қарай жүгіре жөнелді. Біз оны ұстап, жерге жатқыздық", - дейді Уразов.

Алматыдағы қонақүйде болған қылмыс: жаңа деректер шықты

Кейін ол сотталушы таяқпен ешкімді ұрмағанын атап өтті.

Айта кетейік, 2019 жылдың қазанында Алматыдағы InterContinental қонақүйінде бала өлімі туралы хабарланған еді. Баланы өлтірді деген күдікпен Ұлыбританияның 41 жастағы азаматы Мохамед Баракат ұсталған болатын. Егер сотта оның кінәсі дәлелденсе, күдікті 15-20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе жазасын өмір бойы түрмеде өтеуі мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети