Kyzdar.Net сайтының топ-менеджерлері ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ІІМ республика аумағында 11 адамнан құралған қылмыстық топтың жолын кесті. Олар "Kyzdar.Net" интернет-сайты арқылы жезөкшелікке жарнама жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан және күн сайын 2 миллион теңгеге дейін пайда түсіріп отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ республика аумағында 11 адамнан құралған қылмыстық топтың жолын кесті. Олар "Kyzdar.Net" интернет-сайты арқылы жезөкшелікке жарнама жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан және күн сайын 2 миллион теңгеге дейін пайда түсіріп отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық топқа қатысушылардың жалпы ақша айналымы 8 миллиард теңге болады (орташа алғанда жылына 2 миллиард теңгеден асады). Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған. Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде 150 адам анықталып, олардан жауап алынған, олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады.

"Сараптама негізінде сайттағы материалдар порнографиялық сипаттағы ақпартқа жататыны анықталды, сондай-ақ ақылы жыныстық қызметтерді іздеп, пайдалануға арналған. Астана, Алматы, Павлодар қалаларында жүргізілген тінту шараларының нәтижесі бойынша 23 миллион теңгеден аса ақша, оның ішінде криптовалюта, автомашиналар, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленіп алынды", - делінген хабарламада.

Сот компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалған. Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің "Жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" деген 309-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пайдаланушылардың веб-сайтқа қолжетімділігін бұғаттау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қазіргі уақытта соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети