03 шілде 2023 | 11:32

Лифтіде оқушы қызға тиіскен: Қарағандыда қылмыстық іс тоқтатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қарағандыда лифтіде кәмелетке толмаған қызға тиіскен ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда лифтіде кәмелетке толмаған қызға тиіскен ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл наурызда оқушы қыздың анасы полицияға хабарласып, белгісіз ер адам лифтіде қызына тиіскенін айтқан. Қылмыстық істі тергеу екі айдан аса уақытқа созылды. Осыдан кейін тергеу іс бойынша қылмыс құрамы жоқ деген қорытындыға келген. Прокуратура тергеу қорытындысымен келіскен.

"13 наурызда тұрғын үй лифтісінде кәмелетке толмаған адамға сексуалдық сипаттағы әрекет жасау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық іс бойынша лифттегі бақылау камерасының жазбасы егжей-тегжейлі зерттеліп, сот-медициналық сараптамалар мен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Қарағандының Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы бұл шешімді бекітті", - деді Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында Қарағанды ​​облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Жағдайға қатысты зардап шеккен тараптың адвокаты да пікір білдірді. Ибрагим Сәдуақасов іс осылай аяқталатынын білгенін атап өтті. Күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің бірде-бір бабына жатпайды, дейді заңгер.

"Біз қылмыстық істің жабылуы әбден мүмкін екенін түсіндік. Өйткені, күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің қолданыстағы баптарының ешқайсына сәйкес келмейді. 124-бап бар - "Жас балаларды азғындық жолға түсіру", бірақ заң мағынасында кәмелетке толмағандар 14 жасқа дейінгі адамдар, ал жәбірленуші 15-те. 122-бап бар - "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау". Бірақ мұнда да, иә, қарсылығына қарамастан сүю, бұл да "сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасауға" жатпайды. Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысында бұл ұғымның нақты анықтамасы бар. Сонымен болды. Қылмыстық кодексте ер адамның әрекетін айқын қудалау ретінде анықтайтын басқа баптар жоқ", - дейді құқық қорғаушы.

Бұл ретте заңгер күдіктінің әрекетінде қасақана ниеттің болғанына сенімді.

"Бақылау камераларынан, ол подъезден шығып, үйіне қайтып келе жатқан кәмелетке толмаған жәбірленушіні көріп, кері бұрылып, оның соңынан еріп, бірге лифтке кірген, оны үйіне шақырған, лифттен шығармаған, денесімен жолды жапқан. Ол оны бірнеше рет сүймек болды. Бұл қандай ұсақ бұзақылық? Бұл әрекетті әкімшілік құқық бұзушылық деуге келмейді - тым ауыр. Керісінше, қылмыстық іс қозғауға да келмейді. Сондықтан, сексуалдық сипаттағы әрекеттерге бөлек квалификация қажет, кәмелетке толмаған адамға қатысты әрекетті қатаңырақ жазалау керек", - деп қосты Сәдуақасов.

Лифтіде оқушы қызға тиіскен: Қарағандыда Желіде тараған видеодан кейін ер адам ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети