Лифтіні қиратқан қарағандылық 10 тәулікке қамалады

viewings icon 292
comments icon 0
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Тұрғын үй кешенінің бірінде лифтіні қиратқан қарағандылық он тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғын үй кешенінің бірінде лифтіні қиратқан қарағандылық он тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсақ бұзақылық туралы іс Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотта оқиға Қарағандыдағы Сарыарқа көшесіндегі № 6 үйдің лифтінде болғаны анықталды.

Лифт істен шығып, тоқтап қалғаннан кейін құқық бұзушы мамандарды күтпестен өзін агрессивті ұстап, лифт есігіне зиян келтірген, кейін ішінде орнатылған бейнебақылау камерасын бұзуға тырысқан. 

Реклама
Реклама

"Өзінің іс-әрекетімен ол айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзды. Сотта ол кінәсін мойындады. Оның әрекетін іс материалдары, бейнебақылау камерасынан бейнежазба және тағы да басқа айғақтар растайды", - деп хабарлады Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Істі қарау нәтижелері бойынша тәртіп бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​тұрғыны тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтіні қиратқаны хабарланған болатын

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная