Лисаковта атыс болды: полицей жараланды, қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лисаковта атыс болды: полицей жараланды, қаза тапқандар бар Видеодан алынған кадр

Лисаковтағы тұрғын үйдің кіреберісінде ер адам атыс шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лисаковтағы тұрғын үйдің кіреберісінде ер адам атыс шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көршілер арасында қақтығыс болды. Дау жөндеу жұмыстарына байланысты шықты деген болжам бар. Лисаков қаласының тұрғыны кіреберіске аңшылық мылтықпен шығып, ата бастаған. Ер адам екі әйелді жаралады. Оны ұстау үшін жедел-тергеу тобы шақырылды.

"Күдікті оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне оқ атып, кіреберіске жасырынып қалды, жедел-тергеу тобының тергеушісі жараланды. Полицейлер артынан қуғанда қайта оқ атты. Үй тұрғындарының қауіпсіздігі мен күдіктінің одан әрі заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін полиция қызметкерлері қару қолдануға мәжбүр болды және күдіктіні жаралады.

Осыдан кейін ер адам пәтеріне жасырынып қалды, ол сол жерде кейінірек ұсталды. Үйдің кіреберісінен оқтан жараланған екі әйел табылды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жедел жәрдем шақырды", - деп хабарлады Қостанай облысының ПД өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЛИСАКОВСК LIFE (@lisakovsk.life)

Жарақат алған күдікті жансақтауда қайтыс болды. Сонымен қатар, жараланған әйелдердің бірі қаза тапты. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр, енді прокуратура қару қолдану қаншалықты заңды болғанын зерттейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гид Лисаковска (@lisakovsk_gid)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети