ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қыркүйек 2021 | 14:40
Лисаковтағы атыс: полиция оқиғаның мән-жайын айтты
Полиция Лисаков қаласындағы атыстың егжей-тегжейі мен көршілер арасындағы қақтығыс себептері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полиция Лисаков қаласындағы атыстың егжей-тегжейі мен көршілер арасындағы қақтығыс себептері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция департаменті Лисаков қаласындағы тұрғын үйдің кіреберісінде болған атыс туралы мән-жайды айтып берді. Зейнеткер 65 жастағы көршісін өлтіріп, қызын жарақаттаған. Белгілі мәліметке сүйенсек, олардың пәтерінің есігі ашылған кезде бір-біріне өтуге кедергі келтіреді. Сол күні әйелдер пәтерге пластикалық терезелер орнатқан. Сонда тағы да есік мәселесі туындаған.
"Анасы мен қызы - зардап шеккен көршілер пластикалық терезе орнатқан. Жұмысшылар тобы келіп, терезелерді пәтерге кіргізген. Соған байланысты қайтадан жанжал туды. Күдіктіге не болғанын психологиялық сараптама анықтайды. Бірақ ол сейфте тұрған мылтықты алып, жағдайды реттеу үшін кіреберіске жүгірген.
Ол - зейнеткер. Ол шамамен бір жыл бұрын зейнетке шыққан, сол кезде аңшы мылтығын сатып алған. Аңшы емес, бірақ болғысы келген сияқты. Қару заң талаптарына сәйкес тіркелген, сейф пен дабыл жабдықтары бар. Соңғы рет рұқсат биыл мамырда берілген", - деді Қостанай облысы Полиция департаментінің тергеу бөлімінің бастығы Артем Ткаченко.
Жедел-тергеу тобы келгенде, бірінші қабаттағы кіреберісте екі әйел жатқан. Қарт әйел қаза болған, ал оның 33 жастағы қызы кім және қайдан оқ атқанын айтып берген. Полицейлер жоғары қабатқа көтеріліп, өздерін таныстырып, ер адамнан қаруын тастауды сұраған.
"Пәтердің есігінен Калашников автоматына ұқсайтын мылтықпен қызметкерлерге оқ атылды. Бірақ бұл "Сайга-410" екені белгілі болды. Атыстан кейін қызметкерлер жасырынып, далада кең жер көп болғандықтан көшеге шықты. Өкінішке қарай, күдікті тергеушіні қолынан жарақаттады. Біздің қызметкер де оқ атып, оны ұстады, бұл кейінірек баллистикалық сараптама кезінде анықталады. Кейін жүргізуші (патрульдік полиция қызметкері Әлкен Жабақов) шешуші әрекет жасап, күдіктіні кіреберісте ұстап, оның қолынан мылтықты тартып алды", - деді полиция департаментіндегілер.
Кейін күдіктіге кісен салып, ауруханаға жатқызды, келген бойда ер адам қайтыс болды. Ол ішінен екі жарақат алған. Күдіктіде оннан аса оқ-дәрі болған. Оқиға кезінде атқыштың пәтерінде оның әйелі болған, сол кезде көрші пәтердің құрылысшылары көшеде жүрген. Айғақтарға сәйкес, ер адам бір күн бұрын ішімдік ішкен, бірақ айтарлықтай мөлшерде емес.
Ал жараланған 33 жастағы әйелге келетін болсақ, өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, ол реанимацияға жатқызылып, бірнеше сағат операция жүргізілген. Ол есін жинаған, бірақ жағдайы өте ауыр. 1993 жылы туған полиция қызметкеріне де ота жасалды, ол Лисаков қалалық ауруханасының бөлімінде, орташа ауыр жағдайда жатыр.
Айта кетейік, ер адам Лисаков қаласындағы тұрғын үйдің кіреберісінде атыс шығарғаны хабарланған болатын. Лисаков қаласының тұрғыны кіреберіске аңшылық мылтықпен шығып, ата бастаған. Ер адам екі әйелді жаралады. Оны ұстау үшін жедел-тергеу тобы шақырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также