11 қыркүйек 2021 15:45

Лисаковтағы атыс: куәгерлер оқиғаның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі адам қаза тапқан Лисаковтағы атыс куәгерлері болған оқиғаны баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екі адам қаза тапқан Лисаковтағы атыс куәгерлері болған оқиғаны баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Итпен серуендеуге шыққанмын, қарасам полиция да келіпті, олар келмесе не боларын білмеймін. Ол адамдарға, бәріне оқ жаудырды. Бір полиция қызметкеріне оқ тиді", - дейді Лисаков тұрғыны.

"Мен осы үйде тұрамын. Диванда жатқанмын. Дыбыстар естідім. Балконға шықсам, атыс болып жатыр. Біздің полицейлер оқ өтпейтін кеудеше мен каска киіп алыпты. Полиция болмаса, не болатынын білмеймін, адамдар көзі көрінген жерге қашты. Полиция дер кезінде әрекет еткені жақсы болды", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі. 

Полиция қызметкері, жедел-тергеу тобы қатысушыларының бірі қарулы ер адамды залалсыздандыру операциясы қалай жүргенін айтып берді.

"Кезекші бөлімге үшінші шағынаудандағы 18 үйдің бесінші кіреберісінде мылтықпен ер адам жүргені туралы ақпарат алдық. Жедел топ оқиға орнына шықты. Біз келгенде қансырап жатқан екі әйелді таптық. Екінші қабаттан атқышты көрдік, ол мылтығымен бізге ата бастады. Оған қару-жарақ таста, полиция, деп ескерту жасадық, ер адам жауап қатпай атуды жалғастырды, осылайша оған қару қолданылды, содан кейін ер адам залалсыздандырылды", - деді ол.

Еске салайық, Лисаковтағы тұрғын үйдің кіреберісінде ер адам атыс шығарды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети