Пентагон НЛО туралы жаңа материалдарды жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сары теңіз үстіндегі ҰШО Пентагон жариялаған видеодан кадр

АҚШ Қорғаныс министрлігі бұған дейін құпия сақталып келген ұшатын беймәлім нысандарды (ҰБН) тіркеуге қатысты жаңа құжаттарды жариялады. 40 дерек шықты, оның ішінде әскери ведомстволар, Орталық барлау басқармасы (ОББ), ФБР және НАСА жинаған мәтіндік есептер, бірегей аудиожазбалар мен бейнематериалдар бар, - деп хабарлайды Tengri Life тілшісі мерикалық CBS News телеарнасына сілтеме жасап.


Жарияланған архивтер тарихи оқиғаларды да, Үнді-Тынық мұхиты қолбасшылығы аймағында америкалық әскерилер жасаған кейінгі бақылауларды да қамтиды. Сарапшылар ең даулы материалдардың арасынан бірнеше құжатты ерекше атап өтті.

Еңбек сіңірген әскери ұшқыштың есебі

Архивтерде 28 жылдық еңбек өтілі бар америкалық ұшқыштың тапсырманы орындау кезінде ерекше нысанмен кездескені туралы рапорты бар. Тәжірибелі авиатор көргенін сипаттай келе, нысанның сипаттамалары мен әрекеті бұрын-соңды көргендерінің ешқайсына мүлдем ұқсамайтынын атап өтті.

Сары теңіз үстіндегі алты бұрышты жұлдыз

Құжаттарlf АҚШ әуе барлауының жаңа файлдары бар. Жарияланған жылувизиялық бейнежазбалардың бірінде 2025 жылы Қытайдың әуе кеңістігіне жақын маңда жоғары жылдамдықпен маневр жасап жүрген алты бұрышты жұлдыз пішінді белгісіз нысан тіркелген.

Ядролық бомба жасаушылардың құпия архивтері

Лос-Аламостағы Манхэттен жобасының жетекші физиктері өткізген жабық кеңестің стенограммасы қолжетімді болды. 1949 жылғы құжаттардан ғалымдар АҚШ-тың құпия ядролық нысандарының үстінде үнемі пайда болатын жұмбақ жасыл отты шарлардың табиғатын ашуға тырысқаны, бірақ одан нәтиже шықпағаны белгілі болды. Олар бұл құбылыстың метеорит болуы мүмкін деген нұсқаны ресми түрде жоққа шығарған.

Америкалық аномалияларды зерттеу ведомствосының (AARO) ресми өкілдері егжей-тегжейлі талдау жасалғанына қарамастан, тіркелген бірқатар нысанның табиғаты мен шығу тегі қазіргі ғылым тұрғысынан әлі де түсініксіз екенін баса айтты.