“Бәрі бір сұрақ қояды“: келбеті ерекше екі жасар қазақ қызы желіні тамсандырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Бәрі бір сұрақ қояды“: келбеті ерекше екі жасар қазақ қызы желіні тамсандырды Бейнеден алынған кадр

Екі жасар Мирельдің аққұба бұйра шашы, үлкен жасыл көзі мен әлеуметтік желілерде мыңдаған жанкүйері бар. Бүлдіршіннің ерекше сырт келбеті қолданушыларды таңғалдырып жатыр, бірақ анасы ешқандай құпия жоқ екенін, бәрі отбасылық генге байланысты екенін айтады. Tengri Life қыздың анасы Аяжанмен Германия мен Қазақстан арасындағы өмір, бала тәрбиесі және қызының аяқасты келген танымалдылығы туралы сұхбаттасты.


Екі жасар Мирельдің аққұба бұйра шашы, үлкен жасыл көзі мен әлеуметтік желілерде мыңдаған жанкүйері бар. Бүлдіршіннің ерекше сырт келбеті қолданушыларды таңғалдырып жатыр, бірақ анасы ешқандай құпия жоқ екенін, бәрі отбасылық генге байланысты екенін айтады. Tengri Life қыздың анасы Аяжанмен Германия мен Қазақстан арасындағы өмір, бала тәрбиесі және қызының аяқасты келген танымалдылығы туралы сұхбаттасты.

Төрт жылдан бері Германия мен Алматы арасында тұрып жатқан 24 жастағы Аяжан отбасылық оқиғасын бөлісті. Осы екі елдегі өмір оның 2025 жылдың күзінде бастаған блогының негізіне айналды.

"Бастапқыда Германиядағы өмір, ана болу және қоныс аудару туралы айтатынмын, ал қазір блогым - Германия мен Қазақстанды шынайы салыстыру, саяхат, ана бақыты, сұлулық және отбасылық лайфстайл", - дейді ол.

Бұл өмір салтының ортасында оның отбасы тұр. Бес жылдан бері бірге келе жатқан жары, ұлы Миран (3,5 жас) және қызы Мирель (2 жас).

"Мен үшін отбасы әрқашан бірінші орында, сондықтан контентімнің басым бөлігі біздің күнделікті өмірімізбен байланысты", - деп атап өтті Аяжан.

Жасыл көзі кімге тартқан?

Аяжанның көптеген видеосының басты жұлдыз ана емес. Екі жасар Мирель кадрға шықса болды, пікірлер бөлімі бірден таңданысқа толы хабарламаларға толады. Аққұба бұйра шаш, үлкен жасыл көз, әлі жасандылықты білмейтін кішкентай баланың шынайылығы - мұның бәрін байқамау мүмкін емес.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Aya 🦢 (@aya.dsi) жариялаған пост

Жиі қойылатын сұрақтардың бірі - Мирельдің ерекше келбеті туралы.

"Ол таза қазақ. Жасыл көзі маған тартқан, ал аққұба шаш менің бала кезімде болған. Сондықтан оның сырт келбеті - бұл біздің отбасылық гендеріміздің үйлесімі", - деп түсіндірді анасы.

Аяжанның айтуынша, күнделікті өмірде Мирель басқа балалардан ерекшеленбейді. Сурет салғанды, саяхаттағанды, табиғатта серуендеуді және ағасымен уақыт өткізуді ұнатады. Оны түсірілімге жиі шақырады - ол Алматыдағы балалар киімі брендтерімен және әйгілі зергерлік брендпен жұмыс істеп үлгерген.

Миран да қалыс қалар емес: ол түрлі брендке, соның ішінде ірі автосалонның сұхбат түріндегі видеоларына түскен.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Aya 🦢 (@aya.dsi) жариялаған пост

Дегенмен, ата-анасы балаларына модельдік индустрияда мансап құруды мақсат етпейді.

"Әзірге одан кәсіби модель жасауды мақсат етіп отырған жоқпыз. Егер болашақта бұл бағыт оған қызық болса, біз оның таңдауын міндетті түрде қолдаймыз", - деді Аяжан.

Ол отбасы танымалдылық қыздың балалық шағына еш әсер етпеуі үшін бар күшін салып жатқанын айтты.

Төрт тіл және мультфильмсіз өмір

Мирель ерекше ортада өсіп жатыр - туғаннан бастап ол бірден төрт тілде сөйлегенді естиді. Сондықтан, анасының айтуынша, бүлдіршін түсірілім кезінде сұрақтарға әрдайым жауап бергісі келе бермейді. Мұндай сәттерде оған ағасы Миран көмекке келеді.

Отбасының тағы бір саналы шешімі - мультфильмдер мен экран алдындағы уақыттан толық бас тарту.

"Оның орнына балаларды кітап оқу, шығармашылық, серуендеу және ойын арқылы дамытуға тырысамыз", - деді Аяжан.

Балалар көп саяхаттайды, жаңа жерлер мен елдерге оңай бейімделеді - анасының айтуынша, бұл олардың мінезінен кішкентай кезінен-ақ байқалады.

Гаджетсіз 130 ойын

Аяжан балаларына ермек ойлап тауып жүріп, байқаусызда үлкен қор жинаған - далада ойнайтын, тілді, қиялды, моториканы, зейінді және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті дамытатын 130-дан астам ойын.

Енді ол бұны жеке жинаққа айналдыруды жоспарлап отыр. Осылайша басқа аналар да балаларымен уақытты экрансыз және гаджетсіз, қызықты әрі пайдалы өткізе алады.

Блог, екі бала, екі елдегі өмір және алдағы жоспарда кітап. Аяжанның зерігуге мүлдем уақыты жоқ сияқты.

Тағы оқыңыз: “Өмір бойы іздедім“. Домбыра үнін естіген бельгиялықтың жаңа арманы пайда болды