“GIF” дәуірінің соңы: Google Tenor-ға кіру мүмкіндігін жапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

“GIF” дәуірінің соңы: Google Tenor-ға кіру мүмкіндігін жапты Фото:depositphotos.com

Google компаниясы үшінші тарап қолданбаларында Tenor GIF-анимация қызметін толығымен өшірді. 30 маусымнан бастап Telegram, Discord, X және басқа да сервистер арқылы "гифтерді" тікелей іздеу мен жіберу мүмкін емес. Енді бұл функция тек Google экожүйесінде ғана қалады, - деп хабарлайды Tengri Life.


Google компаниясы үшінші тарап қолданбаларында Tenor GIF-анимация қызметін толығымен өшірді. 30 маусымнан бастап Telegram, Discord, X және басқа да сервистер арқылы "гифтерді" тікелей іздеу мен жіберу мүмкін емес. Енді бұл функция тек Google экожүйесінде ғана қалады, - деп хабарлайды Tengri Life.

Не болды?

Google әлемдегі ең ірі GIF-анимация кітапханаларының бірі - Tenor сервисінің ашық API жұмысын біржола тоқтатты. Бұл процесс 13 қаңтарда, компания үшінші тарап әзірлеушілеріне жаңа API-кілттерін беруді тоқтатқан кезден басталған болатын.

Ал 30 маусымда Google қолдау қызметі компанияның барлық жарнамалық келісімшартының күшін жойғанын, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған GIF-интеграцияларын біржола тоқтатқанын хабарлады. Бұл өзге платформалардың "гиф" ішіндегі жарнамадан табыс таба алмайтынын білдіреді.

Скриншот: support.google.com

Компания бұл шешімін корпорацияның сервисті тек өз өнімдері аясында дамытқысы келетіндігі және сыртқы алаңдарды қолдауға ресурс жұмсау "тиімсіз" болып шыққандығымен түсіндірді.

Пайдаланушылар үшін не өзгереді?

Өзгерістер көптеген мессенджер мен әлеуметтік желі пайдаланушыларына әсер етеді. Telegram, Discord, X (бұрынғы Twitter) және Tenor-ды қолданған ондаған басқа да қолданбаларда үйреншікті кірістірілген GIF іздеу жүйесі жұмысын тоқтатады.

Енді "гифтерді" бұрынғыдай тек Google экожүйесі арқылы: Gboard пернетақтасы, Google Chat, Google Messages немесе тікелей Tenor.com сайты арқылы табуға болады.

Мұндай анимацияны, мысалы, Telegram-да жіберу үшін алдымен оны құрылғыға қолмен сақтап алу керек болады.