Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

"Локомотив" АҚ бұрынғы топ-менеджеріне қатысты тағы бір іс қозғалды 30 шілде 2014, 12:20

Мамыр айында "Локомотив" АҚ атқарушы директоры 100 мың доллар көлемінде пара алды деген айыппен тұтқындалған болатын.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қаржы полициясы "Қазақстан темір жолы" АҚ еншілес кәсіпорнының бұрынғы топ-менеджеріне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап.

"Теміржол көлігімен дизель отынын тасымалдау кезінде "Нұр Табыс Мұнай НТМ" ЖШС-не келген шығынды өтеуде "Локомотив" АҚ-ның 30 млн теңгеден астам қаражатын жымқыру дерегі бойынша 15 шілдеде Қалаубаевқа қатысты ("Локомотив" АҚ атқарушы директоры) жаңа қылмыстық іс қозғалды", - делінген Tengrinews.kz-ге қайтарылған жауапта.

Агенттіктің баспасөз қызметі 2014 жылдың мамыр айында "Нұр Табыс Мұнай НТМ" серіктестігі өкілінен 100 мың доллар көлемінде пара алды деген айыппен "Локомотив" АҚ атқарушы директоры Қалаубаевтың тұтқындалғанын еске салады. Қалаубаев бұл параны дизель отынын жеткізу келісімшартын бекітуге оң ықпал ету үшін алған. Пара алуға қатысы бар деген айыппен "Қазтеміртранс" АҚ атқарушы директоры Әлмусинге іздеу жарияланды. Қылмыстық істер тергеліп жатыр.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram