LRT ісі: Елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

LRT ісі: Елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде жүр © Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов Нұр-Сұлтандағы LRT жобасына қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов Нұр-Сұлтандағы LRT жобасына қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Сұлтанбеков іздеуде жүр.

"Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер LRT құрылысы кезінде ақша жымқыру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты тергеуді аяқтады. Тергеу миллиардтаған ақшаның жымқырылғанын және ол іске Астана әкімдігінің лауазымды қызметкерлері, "Астана LRT" мен жекеменшік компаниялардың директоры қатысқанын анықтады. Қылмыстық топты елорда әкімнің экс-орынбасары Сұлтанбеков пен "Астана LRT" басшысы Талғат Ардан шетелдік, қазақстандық компаниялардың қолдауымен ұйымдастырған", - деді Перов брифинг барысында.

LRT ісі: Қаражат қалай жымқырылған?

Оның айтуынша, мемлекетке бес миллиард теңге шығын келтірілген.

"Ресми мәліметтер бойынша, Сұлтанбеков, Ардан және Абдухамитов халықаралық іздеуде жүр. Абдухамитов - мердігерлік ұйымдардың бірінің басшысы", - деді Перов.

Биыл қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне LRT ісі бойынша тергеуді аяқтауды тапсырған болатын. 

Нұр-Сұлтандағы LRT ісі бойынша 6 күдікті бар

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети