09 желтоқсан 2022 | 17:27

LRT ісі: прокуратура айыпталушылар шағымын тексеруге қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Астанада LRT қылмыстық ісі бойынша айыпталушылар шағымынан кейін прокурорлар тексеру бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада LRT қылмыстық ісі бойынша айыпталушылар шағымынан кейін прокурорлар тексеру бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ-та соттың іс бойынша айыпталушылардың дәлелдерін тексеру туралы шешім шығарғаны хабарланған болатын. Сотта айыпталушылар тергеу барысында атышулы іс бойынша тергеу жүргізіп жатқан құзырлы органдар тарапынан қысымға ұшырағанын мәлімдеді.

Tengrinews.kz редакциясы мән-жайды анықтау үшін қалалық прокуратураға сауал жолдады.

"Расында, сот сотталушылардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің заңсыз тергеу әдістерін қолданғаны жайындағы уәждерін тексеру туралы ұйғарым шығарды. Қазіргі уақытта қалалық прокуратура тиісті тексеру жүргізіп жатыр, оның қорытындысын басты сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы айтады", - деді Астана прокуратурасының баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, LRT ісі бойынша сот 2020 жылдың күзінде Астанада басталды. Айыпталушылар қатарында 5,8 миллиард теңгені жымқырды деп айып тағылған жеті адам бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети