ІІМ атыс қарулары сақталған 97 қойманы жойды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ атыс қарулары сақталған 97 қойманы жойды Фото:polisia.kz

ІІМ атыс қарулары сақталған 97 қойманы жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ атыс қарулары сақталған 97 қойманы жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, оның ішінде қаңтарда орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезеңінде ұрланған заттарды алып қою жөнінде мақсатты шаралар қабылдап жатыр.

"Криминалдық полиция ІІО қызметтерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, заңсыз айналымнан 1268 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 127 автомат, 1 пулемет, 395 тапанша, 144 ойық карабин, 414 тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 238 гранат және 33 мыңнан астам түрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді", - делінген хабарламада.

Атыс қаруын заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 319 адам ұсталды және қамауға алынды, оның ішінде 22 қылмыскер ұсталды. Жүргізілген арнайы операциялар барысында атыс қарулары сақталған 97 қойма жойылды.

18 наурызда ІІМ Криминалдық полиция департаментінің және Алматы қаласы ПД қызметкерлері жедел әзірлеу жұмыстарын жүргізу кезінде Алматы тұрғыны ұсталды. Одан 223 калибрлі SL-8, 5 тегіс ұңғылы мылтық, FAIR үлгісіндегі иір ойықты мылтық, 12 калибрлі, Ata Arms моделінің 2 бірлігі, 12 калибрлі FRENSHI моделінің 2 бірлігі, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезеңінде Алматы қаласының "Қорған" аңшылық дүкенінен ұрланған аң аулауға арналған су асты екі мылтық тәркіленді.

12 наурызда Алматы қаласы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі "Medeus Villa" қонақүйінің сыртындағы орман белдеуінен қойма табылды, оның ішінен 3 тапанша, 15 граната, 229 түрлі калибрлі патрон және екі оқ-дәрі алынып, тәркіленді.

Барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети