ІІМ басшысы Астанадағы мектеп оқушысының өлімі бойынша тергеуге қатысты жаңа деректерді айтты

25 Қаңтар 2017, 11:40
0
ІІМ басшысы Астанадағы мектеп оқушысының өлімі бойынша тергеуге қатысты жаңа деректерді айтты - © ktk.kz
© ktk.kz

Қалмұханбет Қасымов Астанада №59 мектеп-лицейде оқыған Темірұлан Диханбаевтың өліміне қатысы бар делінген оқушыға қатысты тергеудің аяқталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайтыс болған 8-сынып оқушысының өліміне қатысты сараптаманы алдық, енді қазір шешім қабылдаймыз. Әрине, осы өлімге қатысы бар делінген балаға қатысты тергеу аяқталады, бірақ мұғалімдерге қатысты не істейтінімізді көреміз, тексеріс жүргізіп жатырмыз", - деді министр Мәжіліс ғимаратында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 30 қарашасында Т. Диханбаевтың өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша ("Абайсызда қазаға ұшырату") сотқа дейінгі тергеу басталған болатын. "2016 жылы 30 қарашада Астананың №59 мектеп-лицейінде, бесінші сабақтың соңында (шамамен 12:12-де) 28.04.2002 жылғы 8 "Ж" сыныбының оқушысы өзін нашар сезінген. Мұғалім дереу мектептің медициналық қызметкерін шақырған. Жедел жәрдем келгенше балаға қолдан дем алдыру жасаған. 25 минуттың ішінде жедел жәрдем келіп, өз кезегінде жансақтау шараларын жалғастырған. Алайда баланы құтқарып қалу мүмкін болмаған. Алдын ала болжам бойынша диагнозы: жүрек жеткіліксіздігі", - деген еді Астана қаласының Денсаулық басқармасының басшысы Қасымхан Серғазиев.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай