ІІМ бірнеше өңірде ақша бопсалаған жалған полицейлерді ұстады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері 14 күдіктіні ұстады. Олар өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардан ақша бопсалап, алаяқтық және қылмыстық "қамқорлық көрсетумен" айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері 14 күдіктіні ұстады. Олар өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардан ақша бопсалап, алаяқтық және қылмыстық "қамқорлық көрсетумен" айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарашада Шымкентте бір топ адам полиция қызметкерлері атын жамылып, "қамқорлығы" үшін ай сайын 1,5 миллион теңге алып отырған.

Дәл сол сияқты Ақтөбеде екі жігіт қаланың екі тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, 300 мың теңге алған.

Қонаевта ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысының екі тұрғынын ұстаған. Олар өздерін жедел уәкіл ретінде көрсетіп, жәбірленушіден 500 мың теңге бопсалаған. Жалған қызметтік куәліктер, құжаттар және нысанды киім тәркіленді.

Күдіктілер қамауға алынды.

"Айта кету керек, заманауи технологиялар алаяқтарға ықтимал құрбандар туралы әртүрлі ақпаратты оңай алуға мүмкіндік береді. Бұл олардың қылмыстық схемаларын сенімді етеді. Қылмыскерлер адамдарды манипуляциялау үшін психологиялық әдістерді қолданады. Жалған полиция қызметкерлерін ұстау – бұл қауіпсіздік мәселесі ғана емес, азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды бөлігі. Азаматтардың қырағылығы мұндай қылмыстардың санын едәуір төмендетуі мүмкін. ІІМ кез келген заңсыз әрекеттер туралы полицияға дереу хабарлауды сұрайды. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro