05 қаңтар 2022 10:39

ІІМ Қазақстанда түнде болған тәртіпсіздіктер туралы: 200-ден аса адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ішкі істер министрлігі түнгі тәртіпсіздіктер кезінде елде 200-ден аса адам ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ішкі істер министрлігі түнгі тәртіпсіздіктер кезінде елде 200-ден аса адам ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еліміздің бірқатар аймағында заңсыз акциялар өтті. Жергілікті атқарушы органдар мен прокуратураның ескертулеріне қарамастан, тұрғындар арандатушылық шақыруларға бой алдырып, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіре отырып, құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады.  

Сонымен қатар, жекелеген топтар жолдарды жауып, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын бұзып, көлік қозғалысына тосқауыл қойды. Құқық қорғау және құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне шабуыл жасалды.

Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында әкімдіктерге шабуыл жасалды, онда әйнектер, есіктер сындырылып, басқа да материалдық залал келтірілді. Тас, таяқтарды, газ, бұрыш баллондарын және жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді пайдалану жағдайлары болды", - дейді ІІМ өкілдері.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу және тәртіп бұзушыларды ұстау бойынша заңда көзделген шаралар қабылдағаны хабарланды.

"Заңсыз әрекеттер салдарынан ішкі істер органдарының 95 қызметкері жараланды. 37 қызметтік автокөлік бүлінді. Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасаудың 13 дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 200-ден астам адам ұсталды.

Ішкі істер органдары халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 463.77   490.7   5.37 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети