Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері Атырау қалалық ІІБ полициясының кісі өлтірді деп айыпталып жатұан эксполицейі Манарбек Өтеуовтің ашық хатына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ІІМ мәліметінше, биылғы 26 ақпанда Өтеуов сотқа берілген.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері Атырау қалалық ІІБ полициясының кісі өлтірді деп айыпталып жатұан эксполицейі Манарбек Өтеуовтің ашық хатына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ІІМ мәліметінше, биылғы 26 ақпанда Өтеуов сотқа берілген.
"Тергеу нәтижелері бойынша Өтеуовке ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру), 125-бабының 2-бөлігі (адам ұрлау), 188-бабының 3-бөлігі (ұрлау), 191-бабының 2-бөлігі (тонау), 361-бабының 2-бөлігі (лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану), 380-бабы (билігін немесе лауазымдық өкілеттілігін асыра сілтеу), 385-бабы (жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінә тағылды", - деп хабарлады министрлік өкілдері.
Ведомство мәліметінше, 2015 жылғы 5 тамызда Атырау облысының ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына Атырау қаласының ІІБ-нің қызметкері Манарбек Өтеуовтің Өзбекстанның азаматы Д.Кимді өлтіргені туралы хабарлама келіп түскен. Осы дерек бойынша ІІД-де сотқа дейінгі тергеу басталды, оның өндірісін арнайы прокурордың басшылығымен жедел-тергеу тобы жүргізді.
"Тергеу барысында қылмыстық іс материалдарында Өтеуовтің кісі өлтіру кінәсі және жәбірленушінің жалпы сомасы 1,5 миллион теңге мүлкін иеленуі толық дәлелденді. Қылмыстық істің материалдарымен танысқаннан кейін және жасаған әрекетіне жауапкершілік деңгейін сезінген Өтеуов және оның жұбайы әртүрлі инстанцияларға кісі өлімін ашумен айналысқан айыпталушының бұрынғы басшыларының үстінен жалған дәлелдемелер жасау жөнінде нұсқау бергендері, кінәсіз адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту, лауазымды тұлғаларға пара беру фактілері және т.т. туралы арыздар бере бастады", - деп хабарлады ҚР ІІМ өкілдері.
Сонымен қатар, қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде Өтеуов жүйкесі жорта бұзылғандай етіп көрсетті, суицид жасауға әрекеттенді, сондай-ақ тергеу изоляторы қызметкерлерінің заңды талаптарына қарсылық білдіріп, бағынбау әрекеттерін жасағаны айтылады. Алайда сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысымен Манарбек Өтеуов психикалық дені сау және сот алдында жауап беруге қабілетті деп танылды.
Атырау облыстық прокуратурасының арнайы прокуроры Өтеуовтің көрсетулері бойынша ағымдағы жылғы ақпанда Атырау қаласының ІІБ-нің жауапты қызметкерлері М. Тағаниязовке, Н. Қабдешовке және Б. Шалтеновке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске салайық, осыған дейін полицияның экс-қызметкері Манарбек Өтеуовтің жазған ашық хатына байланысты Атырау облысы Ішкі істер департаментінің өкілдері түсінік берген еді.