27 қазан 2016 | 19:31

ІІМ қызды ұрып-соққан ер адамды өз еркімен полицияға берілуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ қызды ұрып-соққан ер адамды өз еркімен полицияға берілуге шақырды. Сондай-ақ, ІІМ оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиғаға қатысушылардан қолғабыс етуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ІІМ қызды ұрып-соққан ер адамды өз еркімен полицияға берілуге шақырды. Сондай-ақ, ІІМ оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиғаға қатысушылардан қолғабыс етуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, видеода шабуыл жасаған адамды танығандарды немесе тергеуге қандай да бір пайдалы мәлімет бере алатындардан полицияға 8 (7172) 72-22-37, 71-44-28 немесе 102 телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды. 

ІІМ-дегілер Instagram желісінде видеосы пайда болған бұл оқиғаның республиканың қай қаласында болғаны жайлы мәліметтің әзірше жоқ екенін атап өтті. Видеоға қарағанда, оқиға аулаларының бірінде болған. Онда қыз баланы бір ер адамның ұстап отырып, кейін ұрғаны көрінеді. Қыз көмекке шақырып, айғайлағысы келеді, бірақ ер адам оның аузын жауып, бетінен соққы жасайды. Сосын сөмкесін алып, кетіп қалады. Біраз уақыттан кейін шабуылдаушы оқиға орнына келеді де қызды ары-бері сүйрелейді. Бұдан кейін не болғаны белгісіз - видео үзіліп қалады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети