ІІМ мен ҰҚК 10 өңірде арнайы операция жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

21 қаңтарда ІІМ ҰҚК-мен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен мекемелерге есірткі жеткізу арнасын жолға қойып, бопсалаумен және криминалитетті қаржыландырумен айналысқан қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша ауқымды операцияны аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-тергеу әрекеттері бір уақытта елдің 10 аймағында жүзеге асырылған. Жалпы іс-шаралар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ахуалды тұрақсыздандырып, ұстау режимін бұзуға әрекет жасаған адамдарды анықтауға бағытталды.

"Жедел әзірлеу барысында жолға қойылған схема бойынша әрекет ететін топтардың желісі құжатталды. Олардың қатарына бірнеше рет сотталған адамдар кірген. Барлығы 118 күдікті, оның ішінде қылмыстық ортаның 13 өкілі ұсталды. 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Үш Калашников автоматы, екі травматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, 11 келіден астам есірткі, мобильді құрылғылар және заңсыз құжаттама тәркіленді.

Ұсталған адамдардың арасында алыс және жақын шетелдердің криминалитет өкілдері болғанын атап өткен жөн. Жедел іс-шаралар жалғасып жатыр", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети