ІІМ операциясы: медициналық ұйымдардан не табылды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Ел аумағында жоспардан тыс "Дәрмек" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ел аумағында жоспардан тыс "Дәрмек" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Операцияның негізгі мақсаты – есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар мен дәріханалық нашақорлықтың таралуына жол бермеу. Рейдтік іс-шара кезеңінде прекурсорлар мен медициналық препараттарды қолданатын мыңнан астам ұйым, оның ішінде 721 дәріхана, 77 қойма, 159 емдеу-профилактикалық мекемеcі және 129 өнеркәсіптік кәсіпорын тексерілген.

Алдында өткен "Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шарасымен салыстырғанда анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың 30 пайызға өскені байқалады. Үш мың тоннадан астам прекурсорлардың айналымы шектелген.

"Атап айтқанда, бұл синтетикалық есірткілерді өндіруде қолдануға болатын қос мақсаттағы тауарлар. Әкімшілік жауапкершілікке 191 лауазымды тұлға тартылды, оның ішінде 108 медицина қызметкері. Сақтау шарттарын бұзғаны үшін 44 мың таблетка және 14 мың ампула психоактивтік препараттар айналымы шектелді. Есірткі құралдарымен жұмыс істеу саласында бес қылмыстық құқық бұзушылық анықталды", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіптік объектілерінің бірін тексеру барысында лицензиясыз пайдаланылған 14 тоннадан астам тұз қышқылы анықталып тәркіленген. Абай облысындағы медициналық ұйымды тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және жою қағидаларын бұзу дерегі анықталды, онда 137 ампула психоактивтік заттар тәркіленді. Фармацевтке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен айналысатын заңды тұлғаларға бақылаудағы заттарды тасымалдау, сақтау, пайдалану және сату нормаларын сақтау қажет екенін айтамыз. ІІМ есірткінің заңды айналымы саласындағы заңнамада белгіленген талаптарды бұзғаны үшін Қылмыстық кодекстің 303-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады, бұл 600 мың теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза", – деді Қуандық Әлжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro