13 сәуір 2022 13:40

ІІМ өзін өртеп жіберген әйелдің ісіне қатысты түсінік берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Нұр-Сұлтандағы ІІМ ғимараты маңында өз-өзін өртеп жіберген әйелдің ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Нұр-Сұлтандағы ІІМ ғимараты маңында өз-өзін өртеп жіберген әйелдің ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шынында да, осындай оқиға болды. Өкінішке қарай, тәртіпбұзушылардың іс-әрекеттерінен зардап шеккен жәбірленушілер түрлі психо-физиологиялық әсерге ұшырайды. Кейбірі бұған шыдай алмайды. Жәбірленушілердің бірі тергеу органдарына қысым көрсету мақсатында осы әрекетке барды деп ойлаймын. Олар өртті сөндіріп үлгерді, әйел қазір ауруханада жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Маған осылай баяндалды", - деді Қожаев Мәжіліс аясында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Ол Mudarabah Capital ісі бойынша 14 айыпталушы жауапқа тартылғанын айтты.

"Олардың алтауы қамауда. Бірнеше адам үй қамауында отыр. Менің ойымша, екеуі кепілмен, ал біреуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен отыр. Алдын алу шарасы жаза емес екенін түсіну керек. Ол адамның жеке басына сай тағайындалады, адам жасырынбауы, басқа қылмыс жасамауы және басқа адамдарды тергеуге кедергі келтірмеуі үшін беріледі.

Бұл жаза емес. Алайда осы қылмыстық іс бойынша жәбірленушілердің өздері бүгінде кім қамауда, ал басқа бұлтартпау шаралары кімге тағайындалу керегін анықтады. Өкінішке қарай, эмоция көрсетеді. Бірақ шараларды эмоцияға сай емес, заңнамаға сәйкес таңдауымыз керек", - деп толықтырды министрдің бірінші орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети