27 сәуір 2022 | 13:27

Mad Men тобының мүшелері сотталды

Қазақстандық танымал Mad Men тобының мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық танымал Mad Men тобының мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тыңдаулар қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтті. Сот 2020 жылдың қыркүйек айының басында Х. есімді адам қылмыстық топ құрғанын анықтаған, топта алты адам болған. 

"Қылмыстық топтың басшысы Х. әрқайсына жұмыс бөліп берген. Ол мефедрон компонентін сатып алумен және клиенттермен келіссөз жүргізумен айналысқан. Басқалары Алматыдағы коттедждердің бірінде психотроптық затты дайындаған. Бағасы туралы ақпаратты арнайы сайттар мен чаттарда жариялап отырған. Қалғандары есірткілерді қаладағы қоғамдық орындарға жасырумен айналысқан", - деп хабарлады сотта. 

2021 жылдың 14 сәуірінде топ мүшелерінің бірі М. заңсыз жасалған мефедронды алып, Алматыдағы көшелердің біріне жасырған. Сол күні жасырылған заттар табылып, оны полиция тәркіледі. 

"20 сәуірде коттедждің жертөлесін тінту кезінде аса ірі көлемдегі психотроптық заттар мен оны дайындауға арналған құрылғылар мен компоненттер табылды. Одан бөлек, М. тұратын үйде тастың астынан мефедрон шықты", - деді сотта. 

Сотта прокурор тергеудің айыптауын қолдап, қылмыстық топтың жетекшісі Х.-ны 18 жылға, ал қалған қатысушыларды 17-ден 17,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

"Сот үкімімен Х. қылмыстық топты құрып, басшылық етіп, психтроптық заттардың заңсыз аналогын дайындап, сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Топтың қалған мүшелері психтроптық заттардың заңсыз аналогын дайындап, сақтағаны үшін, қылмыстық топ мүшесі болғаны үшін кінәлі деп танылды. Үшеуі 16 жылға бас бостандығынан айырылды, қалғаны 15 жыл 3 ай мерзімге қамалды", - деді сотта. 

Жазаны жеңілдету үшін қылмыскерлердің жасы, бұрын істі болмағаны ескерілді. Одан бөлек, күдікті С. кінәсін мойындағаны үшін жаза жеңілдетілді. 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Еске салайық, былтыр 21 мамырда қазақстандық танымал Mad Men тобының мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген айып тағылған болатын. Полиция мәліметі бойынша, тұрақты есірткі желісі бір ай бұрын жойылған. Оның құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам болған. Топты 27 жастағы Х. басқарады.

Іске қатысы бар күдіктілерге ҚР ҚК-ның 262-бабы 1 және 2-бөлігінде көзделген ҰҚТ құру және оған басшылық ету дерегі бойынша айып тағылған. Күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети