29 ақпан 2020 10:55

"Маған жала жапты!" Тараздық мектептің директоры айыптауларға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Таразда мектеп мұғалімін жұмыстан қуып, ұстаздардан ақша жинады деп айыпталған директор сот алдында жауап беруі мүмкін, - деп хабарлайды Almaty.tv.  


Таразда мектеп мұғалімін жұмыстан қуып, ұстаздардан ақша жинады деп айыпталған директор сот алдында жауап беруі мүмкін, - деп хабарлайды Almaty.tv.  

Қазір №43 мектептің басшысы Эльмира Өмірбекованың ісімен  жемқорлыққа қарсы агенттік тергеушілері айналысып жатыр.

"Жала жабылып отыр. Қатты талап еткендерге міндетті түрде мұндай жала жабылады. Неге сол кезде ол кісілер сіздерге дер кезінде шағымданбады? Дәл сол сәтте шағымданып, ақпарат құралдарына неге жария қылмады? Қайда қарады сол кезде?", - дейді № 43 мектептің бұрынғы директоры Эльмира Өмірбекова.

Еске салайық, аталған мектептің мұғалімі Күнсұлу Бөрімбекова жұмыстан негізсіз қуылдым деп байбалам салған еді. Оның үстіне бірнеше ұстаз мен ата-ана қосылып, білім ордасындағы жайсыз жағдайды айтқан. Дегенмен директор бекітілген талапты орындамаған маманға осындай шара қолдандым деп түсіндірген. Сонымен бірге, жемқорлықтың да жоқ екенін айтып ақталған. Мектеп басшысы бүгінге дейін түрлі жаланың көп болғанын айтады. Ол алдағы уақытта заңды өкілімен әрекет етпек.

"Мектеп директорына қатысты ҚР қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі, 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұл жердегі жалпы негіздемесі: мектеп директорының мұғалімдер тарапынан ақша жинау дерегі орын алып отыр", - деді  Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Равиль Төлебаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети