Мақсат Үсенов.
Алматы қалалық сотының шешімімен Мақсат Үсенов 2017 жылға дейін көлік жүргізу құқынан айрылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сонымен бірге BMW X6 көлігімен алты адамды қағып кеткен ол 45 күнге қамауға алынды. Айта кетейік, алғашында Мақсат Үсеновке 250 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салу көзделген болатын. Алайда Алматы қалалық прокуратурасы әкімшілік соттың бұл шешіміне қарсылық білдірді. Қадағалаушы орган бұл құқықбұзушылықты мөлшер түрінде қарамауды ұсынды. Бұл шешімді 2014 жылдың үшінші ақпанында қайта қарау керек болатын. Бірақ ол кезде Алматы қалалық сотының өкілдері "бұл мүмкін емес, себебі Мақсат Үсенов ауруханада жатыр" деп хабарлаған болатын. Еске сала кетейік, BMW X6 автокөлігінің тізгінінде болған 24 жастағы Мақсат Үсенов "Целинный" кинотеатрының маңындағы жаяу жүргінші жолынан алты бірдей адамды қағып кеткен. Бір жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған. Мақсат Үсенов қамауға алынып еді. Бірақ кейіннен тараптардың татуласуына орай қылмыстық іс тоқтатылып, ол қамаудан босатылған болатын.
Алматы қалалық сотының шешімімен Мақсат Үсенов 2017 жылға дейін көлік жүргізу құқынан айрылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сонымен бірге BMW X6 көлігімен алты адамды қағып кеткен ол 45 күнге қамауға алынды.
Айта кетейік, алғашында Мақсат Үсеновке 250 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салу көзделген болатын. Алайда Алматы қалалық прокуратурасы әкімшілік соттың бұл шешіміне қарсылық білдірді. Қадағалаушы орган бұл құқықбұзушылықты мөлшер түрінде қарамауды ұсынды. Бұл шешімді 2014 жылдың үшінші ақпанында қайта қарау керек болатын. Бірақ ол кезде Алматы қалалық сотының өкілдері "бұл мүмкін емес, себебі Мақсат Үсенов ауруханада жатыр" деп хабарлаған болатын.
Еске сала кетейік, BMW X6 автокөлігінің тізгінінде болған 24 жастағы Мақсат Үсенов "Целинный" кинотеатрының маңындағы жаяу жүргінші жолынан алты бірдей адамды қағып кеткен. Бір жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған. Мақсат Үсенов қамауға алынып еді. Бірақ кейіннен тараптардың татуласуына орай қылмыстық іс тоқтатылып, ол қамаудан босатылған болатын.