Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Мақсат Үсеновке барлық жағдай жасалыпты

17 Ақпан 2014, 22:26
0
Мақсат Үсенов. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан
Мақсат Үсенов. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан
Мақсат Үсеновтың кім екендігін айтып жатпаса да болады. Оның есімі қазір бүкіл елге әйгілі. Ол әкімшілік жазаға кесіліп, Алматы қаласындағы қабылдап-тарату мекемесінде қамауда отырғаны да дүйім жұртқа мәлім.

"Осы жуырда ғана Мақсат Үсеновпен қабырғалас камерада отырып, бостандыққа шыққан журналист әрі блогер Ринат Қибраев Facebook парақшасына көршісіне барлық жағдайдың жасалғандығын жазыпты", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"№1 камерада отырған Мақсат Үсенов алты адамға арналған камерада жалғыз отыр. Оған бірде апайы, бірде анасы келіп кетеді. Ал соңғы рет Үсеновтың қасында бір ағасы отырып кетті. Бір қызығы – олардың барлығына қабылдап-тарату мекемесінің есігі қашан да ашық. Сонымен қатар, ол жұрт ішіп отырған тамақты емес, үйінен келіп жатқан "VIP тұтқынға" "лайық" бай тағамдармен ғана тамақтануда", - деп жазды журналист.

Жоғары лауазымды шенеуніктің баласы Мақсат Үсенов алты бірдей адамды қағып (біреуі қайтыс болып кеткен. Авт.), әкімшілік жазаға тартылған болатын. Нақтырақ айтсақ, 45 күнге қамауға алынып, 2018 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айрылған болатын.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай