ПОДЕЛИТЬСЯ
10 сәуір 2019 | 13:19
Мамандар ұялы телефон жиі ұрланатын жерлерді атады
Телефон ұрлату жағдайлары көбіне қоғамдық көлікте болады екен. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Телефон ұрлату жағдайлары көбіне қоғамдық көлікте болады екен. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Олардың айтуынша, кей жағдайларда азаматтардың өзі сақтық шараларын сақтамай, бағалы заттарын жұрттың көзіне күйік қылады.
"Көптеген азамат өздеріне назар аудартады - ұялы телефонын артқы қалатасына салады және жолаушыға толы автобусқа кірген уақытта өз затын сақтау үшін шара қолданбайды", - деді полиция өкілдері.
Ұрылардың құрбаны болмау үшін, көлік салонында, кафе және мейрамханаларда жеке затыңызды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескеру керек.
Айта кетейік, Ақмола облысында полицейлер жыл басынан бері 256 ұялы телефон ұрлығын ашқан. Ақмола облысы полицейлері азаматтармен түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізетініне қарамастан, өңірде ұялы телефон ұрлау деректері азаймай тұр екен. Жыл басынан бері Ақмола облысында 300-ден аса телефон ұрлау дерегі тіркелген, соның 256-сы иелеріне қайтарылды.
Показать комментарии
Читайте также