10 сәуір 2019 13:19

Мамандар ұялы телефон жиі ұрланатын жерлерді атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Телефон ұрлату жағдайлары көбіне қоғамдық көлікте болады екен. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Телефон ұрлату жағдайлары көбіне қоғамдық көлікте болады екен. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олардың айтуынша, кей жағдайларда азаматтардың өзі сақтық шараларын сақтамай, бағалы заттарын жұрттың көзіне күйік қылады. 

"Көптеген азамат өздеріне назар аудартады - ұялы телефонын артқы қалатасына салады және жолаушыға толы автобусқа кірген уақытта өз затын сақтау үшін шара қолданбайды", - деді полиция өкілдері. 

Ұрылардың құрбаны болмау үшін, көлік салонында, кафе және мейрамханаларда жеке затыңызды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескеру керек. 

Айта кетейік, Ақмола облысында полицейлер жыл басынан бері 256 ұялы телефон ұрлығын ашқан. Ақмола облысы полицейлері азаматтармен түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізетініне қарамастан, өңірде ұялы телефон ұрлау деректері азаймай тұр екен. Жыл басынан бері Ақмола облысында 300-ден аса телефон ұрлау дерегі тіркелген, соның 256-сы иелеріне қайтарылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети