Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы жазаланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ақтауда Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Жамал Жаманбаеваның соты аяқталды, - деп хабарлайды Lada.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Жамал Жаманбаеваның соты аяқталды, - деп хабарлайды Lada.kz.

Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі ақпараты бойынша, Жамал Жаманбаева ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы "Ауыр салдарға алып келген лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану" бойынша кінәлі деп танылған.

Сотта Жамал Жаманбаевты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы бола отырып, 2020 жылғы тамызда Сentropharm ЖШС-мен рентген аппаратынан 222 миллион теңге сомасына сатып алу туралы мәміле жасасқан деп айыптады.

"Аппараттарды сатып алу үшін 2020 жылға арналған бюджеттік жоспарға нарықтық бағадан жоғары бағаға бюджеттік өтінім дайындалып, оның барысында облыстық мәслихатқа медициналық жабдық сатып алуға қаражат бөлу ұсынылған. Нәтижесінде қалалық мәслихаттың шешімімен қаражат бөлінді.

Алайда мемлекеттік мекемелерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету талаптарына сәйкес облыстық қазынашылық департаментінде шарт тіркеуден өтпеген", - деді ведомство өкілдері.

Сот мәліметіне сүйенсек, осыдан кейін Жамал Жаманбаева бағынысты медициналық мекемелер арқылы аппараттарды сатып алу мақсатында аудандық емханалардың директорларынан Сentropharm ЖШС-мен шарт жасасуды талап еткен.

"Осылайша Жаманбаева мемлекетке 29 540 000 теңге көлемінде залал келтіріп, әр жылжымалы рентген аппаратын заңсыз сатып алуға ықпал еткен. Сотталушы сотқа дейінгі тергеу барысында кінәсін мойындап, келтірілген залалдың орнын толтырды. Осыған байланысты кінәні мойындау туралы іс жүргізу келісімі жасалды", - деді сот баспасөз қызметіндегілер.

Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының кәмелетке толмаған балаларының болуын қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде қабылдаған. Сотта жазаны ауырлататын мән-жай анықталған жоқ.

"Сот үкімімен Жаманбаева ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады", - деді баспасөз қызметі өкіледір.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жамал Жаманбаева Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы лауазымына 2020 жылғы мамырда, елдегі төтенше жағдай кезінде тағайындалған болатын. Оған дейін Жамал Жаманбаева көп жылдар бойы Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығын басқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro