Маңғыстау облысында 30 жастағы әйелді зорлаған екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысында 30 жастағы әйелді зорлаған екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Порталдың мәліметінше, әйел полиция бөлімшесіне барып, өзін екі ер адамның көлік ішінде зорлағанын айтып, арызданған. Кейін күдіктілердің зардап шеккен әйелдің ауылдастары екені анықталды.
"Оқиға осыдан бірнеше күн бұрын болды. Екі ер адам әйелді "ВАЗ-21099" автокөлігіне отырғызып, ұрып-соғып, зорлаған. Кейін әйелді далаға тастап, кетіп қалыпты. Атамекен ауылының тұрғыны Мұнайлы аудандық ІІБ-ға барып арыз жазды", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, қазіргі таңда 30 жастағы екі күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды.