Маңғыстау облысында деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды - ҰҚК

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзен қаласында деструктивті діни ағым өкілдерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзен қаласында деструктивті діни ағым өкілдерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылғы 7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының деструктивті діни ағымды ұстанушы 2 тұрғынын ұстады.

Тінту барысында заттай дәлелдемелер, оның ішінде екі автомат, үш пистолет, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып алынды", - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

9 тамызда сот күдікті адамдарды қамауды санкциялады.

Реклама
Реклама

Тергеу фигуранттардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысын тексеріп, істің өзге де мән-жайларын анықталып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама