Маңғыстау облысында екі қызды зорлады деген күдікті өзіне қол жұмсаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында екі қызды зорлады деген күдікті өзіне қол жұмсаған фото © Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысында 16 және 12 жастағы қыздарды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам полиция бөлімшесінде терезеден секіріп, өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында 16 және 12 жастағы қыздарды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам полиция бөлімшесінде терезеден секіріп, өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады. Оқиға 5 ақпанда Маңғыстау облысындағы аудандардың бірінде болған. Әйел 16 және 12 жастағы кәмелетке толмаған қыздарды зорлау дерегі бойынша полицияға арызданған.

Тергеу барысында күдікті қыздардың ата-анасының жақын досы екені белгілі болды. Ер адам 2019 жылдан бастап, 4 жыл бойы қыздарды зорлап келген.

Құқық қорғау органдары қыздарды зорлады деген күдікке ілінген жергілікті тұрғынды ұстаған. Ер адам өз кінәсін мойындап, кейін полиция бөлімінің терезесінен секіріп кеткен. Бірнеше күннен кейін ол ауруханада қайтыс болған.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі ("Бірнеше рет зорлау") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиіс сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа да мәліметтер жария етілмейді", - деді полиция қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети