24 қараша 2016 | 00:15

Маңғыстау облысында ер адам 7 жасар баласын буындырып өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылында ер адам өз баласын қылғындырып өлтірген, - деп хабарлайды "Лада".


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылында ер адам өз баласын қылғындырып өлтірген, - деп хабарлайды "Лада".

Бала 21 қарашада ауылдағы ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлер оған суға тұншығу және асфиксия деген диагноз қойған. Сөйтсек, баланы әкесі қылғындырып қана қоймай, суға тұншықтырған. Себебі өкпесінен су табылған.

"Ақтаудан келген дәрігерлер баланы қарады. Оның жағдайы өте ауыр екенін айтты. Оны тіпті көлікке жеткізіп үлгермеген. Баланың сол кезде демі үзілген. Онымен бірге келген әжесінің айтуынша, баласы немересін суға тұншықтырып, қылғындырған", - деді Жетібай ауылдық ауруханасының бас дәрігері Есболай Есенқосов.

Маңғыстау облыстық ІІД өкілдері кәмелетке толмаған баланың өлімін растады. Осы дерекке байланысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Бұл ер адам жүйке жүйелері аурулары диспансерінде есепте бар. Оны полиция қызметкерлері ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жазира Әбіл.

Сотқа дейінгі тергеу басталыпты. Оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты хабарланбайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети