28 қазан 2015 15:27

Маңғыстау облысында ер адам жылқысын қағып кеткен жүргізушіге оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Маңғыстау облысында ер адам жылқысын қағып кеткен жүргізушіге оқ атқан. Жануардың иесі мен оның достары жүргізушіге шағым айтыпты, кейін олардың бірі пневматикалық қаруын алып шыққан, - деп хабарлайды Lada.kz құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.


Маңғыстау облысында ер адам жылқысын қағып кеткен жүргізушіге оқ атқан. Жануардың иесі мен оның достары жүргізушіге шағым айтыпты, кейін олардың бірі пневматикалық қаруын алып шыққан, - деп хабарлайды Lada.kz құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Оқиға бірнеше күн бұрын Бейнеу ауданында болды. Батыс Қазақстан облысының 48 жастағы тұрғыны Маңғыстауға шаруаларын бітіріп алуға келіпті. Ер адам түнгі уақытта "Газель" автомобилімен Бейнеуден Есет ауылына бара жатады. Кенет жол бойында жылқылар шығып, көлік олардың бірін қағып кетеді. 

Бұл оқиғаны осы сәтте Есет ауылына бара жатқан Toyota Camry көлігінің ішіндегі ададмар көрген. Ол жылқының иесі болып шығады. Көліктен шыққан олар дереу жануардың шығынан өтеуді талап етеді. Жүргізуші болса кінәлі еместігін айтып, соңында жылқының егесі оқ атқан. Жүргізушіні жарақаттаған олар қорқып, оқиға орнынан қашып кетіпті. БҚО тұрғынының жарақаты жеңіл екен. Оқ оның мишығын сырып өтіпті. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ер адам үйіне жіберілді. 

Оқиғадан кейін зардап шеккен азамат жергілікті полицияға хабарласқан. ІІБ қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, бір сағаттың ішінде күдіктілерді ұстапты. Олар Есет ауылының үш тұрғыны болып шығады, екеуі 24 жаста, біреуі 23-те екен. Олар өз қылмысын мойындады. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі өндіріс басталды, түнгі оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети