25 қазан 2017 17:17

Маңғыстау облысында жүргізуші мен оның достары кондукторды өлтіргенін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© stolicaonego.ru © stolicaonego.ru

Маңғыстау облысында жантүршігерлік қылмыстың беті ашылды. Қазақстан-Ақтау телеарнасының мәліметінше, көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінен жігіттің мәйіті табылған. Күдікті ретінде төрт адам ұсталды. 


Маңғыстау облысында жантүршігерлік қылмыстың беті ашылды. Қазақстан-Ақтау телеарнасының мәліметінше, көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінен жігіттің мәйіті табылған. Күдікті ретінде төрт адам ұсталды. 

Сонымен қатар, "Мой город" басылысымы қаза тапқан жігіттің жасы 23-те болғанын жазды. Ол қалалық маршруттардың бірінде кондуктор болып қызмет еткен. Басылым мәліметінше, жігіт жұмыстан шыққаннан кейін бір күндік табыспен бірге жоғалып кеткен. Бірнеше күннен соң жүргізуші оны тауып алып, жалдамалы пәтерге апарған, онда оны сыбайластары күтіп отырған. 

Тергеу шараларының нәтижесінде төрт адам ұсталды, олар өз кінәларын мойындады. Сол күні олар артық ішіп қойған, деп жазады портал. Ішіп отырған жерде олар бөтелкемен кондуктордың басынан ұрған. Жігіт сол мезетте қайтыс болған. Ал оның мәйітін жертөлеге жасырып қойған. 

Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің "Адам өлтіру" бабы бойынша жүрді. Полицейлердің айтуынша, ер адамдар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети