Маңғыстау облысында қасапшы әйел бұрынғы күйеуін пышақтады, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысында қасапшы әйел бұрынғы күйеуін пышақтады, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Оқиға 22 қаңтарда Жаңаөзен қаласында болды. "Ерлан" дүкенінен қалалық ауруханаға кеуде қуысы жараланған 34 жастағы ер адам түседі. Абырой болғанда, жара терең емес болып шықты.
Жедел-іздестіру шаралары барысында ер адамның оның бұрынғы әйелінен жапа шеккендігі анықталды. Сол күні бұрынғы күйеуі оның жұмысына, ет дүкеніне барып, ұрыса бастайды. Қасапшы әйел оны пышақпен ұрады.
Күдікті ұсталды, қазіргі уақытта одан жауап алынып жатыр. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі дүкенге қайта-қайта келіп, ұрыса беретін болған. Бірақ бұл күні қасапшы әйел шыдамай, ашу үстінде соққы жасаған.
Еске сала кетейік, 13 қаңтарда Ақтау қаласының тұрғыны бұрынғы әйелінің пәтерінің есігін өртеп кеткен. еді. Кейін әйелдің ер адамға өз балаларымен көрісуге мүмкіндік бермегені белгілі болды. Әйелі өрттің бетін өз бетімен қайтарғысы келген, ал көршілері өрт сөндіру қызметін шақырып үлгерген. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Материалдық залалдың құны анықталып жатыр. Жәбірленуші арыз жазып, "Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.