Маңғыстау облысында күйеу бала енесін балтамен шауып тастады, деп хабарлайды "Лада". Қайғылы оқиға 16 мамыр күні Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында болған.
Маңғыстау облысында күйеу бала енесін балтамен шауып тастады, деп хабарлайды "Лада". Қайғылы оқиға 16 мамыр күні Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында болған.
Басылымның мәліметінше, күйеу бала енесімен ұрсып қалған. Дау-дамайдың арты қайғылы жағдаймен аяқталған. Күйеу бала ашумен қолына балта алып, әйелінің шешесін шауып тастаған. Осыдан кейін ер жігіт оқиға болған жерден жасырынып қалған. Оқиғаның басқа да жай-жапсарлары әзірге хабарланбай отыр.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында Жеңіс күні мерекесі кезінде ұрыс-керістің салдарынан қыз бала өзінің туған ағасын өлтіріп, мәйітті бөлшектеп, сүйектерін тоңазтқышқа тығып қойған болатын. Кейін қылмыскер туған ағасын өлтіріп қойғанын досына айтып, ал ол құқық қорғау органына хабарлаған. Қыз сол жерде ұсталған.