Маңғыстау облысы Шетпе ауылында төртінші сынып оқушысының ата-анасы 69 жастағы мектеп автобусының жүргізушісі үстінен полицияға арыз түсірді, - деп хабарлайды Lada.kz.
Маңғыстау облысы Шетпе ауылында төртінші сынып оқушысының ата-анасы 69 жастағы мектеп автобусының жүргізушісі үстінен полицияға арыз түсірді, - деп хабарлайды Lada.kz.
Басылымның жазуы бойынша, ер адам төртінші сыныпта оқитын қыз балаға "Өте сағындым, 15:00-де мектептің алдында күт. Алып кетем" деп жазыпты-мыс. Бұл хабарламаны оқушының телефонынан байқап қалған мұғалім оның ата-анасына хабарлаған.
"Жүргізуші оған үнемі SMS жазып, қоңырау шалып жүрген екен. Сонымен бірге, ол басқа да оқушыларға осылай еткен. Балалар бірнеше рет бұл туралы мұғалімге айтқанымен, ол мұны балалардың қиялы деп ойлаған", - дейді оқушы отбасын танитын әйел.
Мектеп директорының міндетін атқарушы бұрын жүргізушіге шағым түспегенін және бұл жайтты ата-аналар полицияға арыз жазған кезде есітгенін айтады.
"Ол бізде 2012 жылдан бері істеп келеді. Ол өзін жақсы жағынан ғана көрсеткен. Балаларға әке сияқты қарайтын. Біз оның кінәлі екеніне сенбейміз. Хабарламаларды көрген жоқпыз. Ал арыз жазылғаннан кейін балалардың ешбірі жүргізушінің оларға тиіскенін растаған жоқ", - дейді ол.
Маңғыстау облысы ІІД өкілдері автобус жүргізушісіне арыз 2016 жылдың 8 желтоқсанында түскенін айтады. "Жедел іздеу шаралары кезінде 1948 жылы туған күдікті ұсталды. ҚР ҚК 124-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Бүгін, 2017 жылдың 31 қаңтарында қылмыстық іс сотқа жөнелтілді", - дейді ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.