20 қараша 2014 | 13:38

Маңғыстау облысында шекарашыны қағып кеткен жүргізуші ізін жасырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Маңғыстау облысында "ВАЗ-21013" автокөлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған сарбазды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды Lada.kz. Төтенше оқиға Бейнеу елді мекеніндегі Жібек жолы көшесінде болды.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында "ВАЗ-21013" автокөлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған сарбазды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды Lada.kz. Төтенше оқиға Бейнеу елді мекеніндегі Жібек жолы көшесінде болды.

№ 2087 әскери бөлімнің 22 жастағы шекарашысы жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алды. Атап айтқанда, оның сол жақ жіліншігі ішінен сынған, оң жамбасының мойны сынған, бассүйегі жараланып, миы шайқалған. Зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізілді. 56 жастағы жүргізуші көп ұзамай ұсталды.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысындағы осы елді мекенде мұның алдында № 2087 әскери бөлімнің қызметкері мен алты жасар бала қайтыс болған еді. "КамАЗ"-дың 28 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, шекарашылар мен олардың балалары отырған "УАЗ" автокөлігіне соқтықты. Оқиға салдарынан 30 жастағы ер адам мен оның алты жасар баласы қайтыс болды. "КамАЗ" жүргізушісіне қатысты "Көлік құралын басқарған адамның жол қозғалысы мен көлік құралын пайдалану ережесін бұзып, абайсыздықта кісі өліміне соқтыруы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети