1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Маңғыстау облысында үш ер адам 12 жастағы баланы тонап кетті12 мамыр 2015, 12:44

© vse-temu.org © vse-temu.org

Маңғыстау облысында үш ер адам 12 жастағы баланы тонап кетті, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап. Оқиға Қарақия ауданындағы Мұнайшы ауылында болған.

Порталдың мәліметінше, үш ер адам мектеп оқушысын көлікке күштеп отырғызып, ауыл сыртына апарған. Оқиғаның мән-жайын зардап шеккен баланың анасы полицияға айтып берді.

"38 жастағы жергілікті тұрғын, баланың анасы полицияға арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер баланы қорқытып, көлікпен ауылдың шетіне апарған. Сол жерде олар баланың күртесі мен шалбарын шешіп алып, кетіп қалыпты. Зардап шеккен отбасы шығынның көлемін 10 мың теңгеге бағалап отыр", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, бұл дерекке қатысты күдіктілердің біреуі анықталды, ол - 25 жастағы Қарақия ауданының тұрғыны. Ол кінәсін мойындады, тонауға қатысқан қалған күдіктілердің кім екені анықталып жатыр.