ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2019 жылғы қарашада "Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы" РМК лауазымды адамдарының құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, олар одан әрі оны өткізу мақсатында балықтардың бекіре тұқымдарын аулау және уылдырық алу бойынша браконьерлік әрекет ұйымдастырған жергілікті тұрғындарға қамқоршылық жасаған.
© knb.gov.kz
"Ұсталған адамдардың қылмыстық әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 320 миллионнан артық сомаға зиян келтірілді, заңсыз айналымнан 1 100 келі бекіре тұқымдас балық пен 17 келі қара уылдырық алынды. Маңғыстау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 1-бөлігі ("Лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану"), 335-бабы 3-бөлігі, 1, 3, 4, 5-тармақтары ("Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр", - делінген ҰҚК хабарламасында.
© knb.gov.kz